Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Үндістандағы «ҚазИнд — 2019» бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Екі апта бойы Қазақстанның Құрлық әскерлерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Үндістанның Қарулы Күштеріндегі әріптестерімен бірлесіп террорға қарсы операцияларды жүргізудің жаңа әдістерін зерделеп, пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығуға қатысушылар кедергілер жолағынан өту, атыс қаруынан ату, жасанды және табиғи рельефтермен тауға өрмелеу, тікұшақтан фал арқылы түсіп, заңсыз әскери құралымдарды оқшаулау және жою бойынша практикалық сабақтарға қатысты. Сабақ күндізгі және түнгі жағдайларда түнгі көру құралдарын қолдану арқылы жүргізілді.

«Қазақстан мен Үндістан қарулы күштері бөлімшелерінің практикалық іс-қимылдарының қорытынды кезеңінде елді мекенде заңсыз әскери құрылымдарды анықтау және жою, патрульді ұйымдастыру, жаудың шабуылын көрсету, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды табу және залалсыздандыру жөніндегі арнайы операция жүргізу мәселелері сараланды»,- делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

«Арнайы әскери іс-қимылдарды өткізу үшін құрамына қазақстандық және үнді әскери қызметшілерінің тең саны кірген екі жиынтық тактикалық топ құрылды. «Альфа« ротасын мен, ал екінші ротаны Үнді армиясының офицері майор Бухп басқарды. Роталық тактикалық топтардың бірлескен іс-қимылдарының үйлесімділігі әскери қызметшілердің алдына қойылған барлық міндеттерді толық көлемде, дәл және мерзімінде орындауға мүмкіндік берді.

Оқу-жаттығудың екі аптасы ішінде біз үнділік әріптестерімізбен ортақ тіл табыстық. Барлық командалар нақты орындалды. Біз бір – бірімізді жеңіл түсіндік»,- дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 42062 әскери бөлімі штабының бастығы капитан Қайыржан Текебаев. Оқу-жаттығу барысында полигонда практикалық сабақтар ғана емес, сонымен қатар баскетбол, футбол, волейбол бойынша жолдастық спорттық ойындар, маңайдағы көрікті орындарға бірлескен экскурсиялар өткізілді. Спорттық және мәдени шаралар достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.

Қазақстан Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Дәурен Оспанов бұл шара екі елдің әскери қызметшілеріне өзара тәжірибе алмасып, қарым- қатынас орнатып, ой-өрісін кеңейтуге мол мүмкіндік бергенін жеткізді. Сондай-ақ, терроризмге қарсы күрестің жаңа әдістерін зерделеуге жол ашты.

Оқу-жаттығуды аяқтай отырып, екі елдің әскери контингенттері басшылығының өкілдері «Қазинд» бірлескен оқу-жаттығуы келесі жылы да өткізілетініне және жыл сайынғы бірлескен іс-шара болатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, мұндай алғашқы оқу-жаттығу өткен жылы Қазақстанда Мәтібұлақ полигонында өткен болатын.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *