Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК: Алматыда синтетикалық есірткілерді дайындайтын зертхана анықталды

АЛМАТЫ, 28 қазан. ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын есірткі зертханасы іс-әрекетінің жолын кесті, деп Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлады .

«ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын есірткі зертханасы іс-әрекетінің жолын кесті», — делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.

Хабарда нақтыланғандай, 2019 жылғы 24 қазанда жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде оның жұмыс істеуін ұйымдастырған Алматы қаласының тұрғыны «А» ұсталды.

«Зертхана жайында 2 кг жуық синтетикалық есірткілер (балама түрде 2 мың дозаға жуық) және 526 литр прекурсорлар алынып, олар сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Дайын психотропты заттарды сату «Telegram» және «VIPole» әлеуметтік мессенджерлеріндегі Ғаламтор-дүкендері арқылы жүзеге асырылған.

Ұсталған «А» есімді азаматтың тұрғылықты жері бойынша сондай-ақ есірткі сататын ірі Ғаламтор-дүкендерінің бірі «Алтын Орда» логотипі бар визит карточкасы мен оттық шақпақ алынды», — делінген хабарда.

Аталған факті бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті ҚК 297-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам тергеу изоляторына орналастырылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

«Іс-шаралар ұлттық қауіпсіздік органдары өткізіп жатқан арнайы операциясының заңдылығына қатаң қадағалау жасаған Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп жүзеге асырылды», — деді ҰҚК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *