НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан. Халықаралық террористік ұйым лагерінде арнайы дайындықтан өткен қырғыз азаматы Жалал-Абадта ұсталды. Ол Қырғызстанға теракт жасауға жіберілген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлады, деп centralasian.org жазады.
Комитет мәліметі бойынша, ұсталған күдікті 1994 жылы туған. 2016 жылы оған іздеу жарияланған. Тергеу жүріп жатыр.
ҰҚМК сәуір айында Сириядан келген бір содыр ұсталғанын хабарлаған еді. Ал мамыр айында Қырғызстанға кіруге талпынған екі содыр қолға түскен.