Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ИМ басшысы әл-Бағдадидің денесі теңізге тасталған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. Сенбі күні Сирияда өлтірілген «Ислам мемлекеті» террористік тобының лидері Әбу Бакр әл-Бағдадидің денесі теңізге жерленді, деп Пентагон өкілдері мәлімдеді, деп CNN сілтеме жасап centralasian.org хабарлайды.

Әл-Бағдади сенбі күні Сирия мен Түркияның шекарасында болған арнайы операция кезінде қаза тапқан. Жексенбі күні АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О’Брайен NBC каналы арқылы ИМ лидерінің денесі 2011 жылы өлтірілген Усама бен Ладеннің денесі секілді теңізге тасталады деп мәлімдеді. Бұл террористік жатқан жерін жақтастары тәу етуге айналдырмас үшін, әдейі осылай таңдау жасалған.

Дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп әл-Бағдадиді өлтіру операциясы кезіндегі видеоны жариялауға уәде берген. Трамп туиттерге операцияға қатысқан иттердің суретін жариялады.

АҚШ штаб басшыларының бірлескен комитетінің төрағасы Марк Милли брифинг кезінде операция кезінде түсірілген суреттер мен видеолар құпиясыздандыру процесінен өтіп жатқанын, бұл бірнеше күннен кейін аяқталатынын жариялады.

Дүйсенбі күні әл-Бағдадидің өліміне қатысты бірнеше мәліметтер белгілі болды.

Миллидің сөзінше, операция кезінде екі адам тірідей ұсталған. Бірақ олардың кім екені әзірге жарияланбайды.

Әбу Бакр әл-Бағдади 1971 жылы Ирактың Самарра қаласында туған. Дін ілімін оқыған. 2004 жылы америкалық әскери тарапынан ұсталған. Бостандыққа шыққаннан кейін, жиһадшыларға қосылды. 2014 жылы өзін барлық мұсылмандардың лидері — халифпін деп жариялады. Ол құрған «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы Ирак пен Сирияның біраз жерлерін басып алған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *