Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сириядан оралғандардың соты ерекше қорғалатын ғимаратта өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. Елордада Қазақстанда тыйым салынған Ирак және Левант лаңкестік ұйымының құрамында болған,  елге Жусан операциясы аясында қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп Хабар 24 хабарлайды. 

Процесс ашық сипатқа ие болғанымен сот отырысы елорданың шет жағындағы түзеу мекемелерінің бірінде өтіп жатыр. Бұл ғимарат ерекше қорғалатын нысанның бірі. Сондықтан қауіпсіздік шаралары мұнда қатаң сақталады. Тіпті байланыстың кей түрлері бұғатталады, соның салдарынан біз тікелей эфирге  сот залынан емес, сот отырысы өтіп жатқан ғимараттың сыртынан, шамамен 500 метр қашықтықтан қосылып отырмыз.

Бүгінгі сот отырысына да 13 сотталушы қатысып отыр. Біреуі денсаулық жағдайына байланысты процеске видеобайланыс арқылы қосылып отыр. Алғаш болып Дәурен Сәбитұлы есімді сотталушыдан жауап алынды. Ол Сирияға 2013 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінен аттаныпты. Бұл елге ол діни білім алу үшін барыпты. Шам жерінде Абдураxман лақап атқа ие болған. Бастапқыда аудармашы қызметін де атқарған. Жауап барысында ол арнайы әскери дайындықтан өтпегенін айтты. Үш баласы бар, екеуі Шам жерінде дүниеге келіпті.

Айта кетейік, айыпталушылардың ең үлкені 50-де, ал ең жасы 22-ден асқан. Олар Сириядағы соғысқа қатысу үшін елден аттанған. Алайда «Жусан» операциясы аясында мамыр айында елге қайтарылған. Бұл операцияны еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізді. Олар шам жерінен Қазақстанға 595 адамды қайтарған. Қайтарылғандардың 400-ден астамы балалар. Бұған дейін елге оралған он ер адам мен бес әйел түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Оларға террорлық ұйымның қызметіне қатысты деген кінә тағылып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *