НҰР-СҰЛТАН, 01 қараша. Австралия полициясы мен шекара қызметі метамфетаминді контрабандалық жолмен саудалаған 4 адамды қолға түсірді, деп Хабар 24 жазады.
Есірткі чили тұздығының ішіне салынған. Қаскөйлер салмағы 400 келі ірі есірткі партиясын 768 бөтелкенің ішіне тығып, қорапшаға салған. Жүкті АҚШ-тан Австралияға ұшақпен жеткізді. Мамандар тәркіленген есірткіні 300 млн австралиялық долларға бағалап отыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.