НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Өзбекстан астанасында өткен ТМД-ға қатысушы елдердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Бұл туралы Достастық Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ЭХО Казахстана хабарлады.
Сондай-ақ, отырысқа Әзірбайжан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің, Армения үкіметі жанындағы ұлттық қауіпсіздік қызметінің, Беларусь мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің, Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің, Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің, Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің және Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, Достастық елдерінің қауіпсіздік органдарының өкілдері 2017-2019 жылдарға арналған лаңкестікке және экстремизмнің өзге де күш көрсету көріністеріне қарсы күрестегі ТМД-ға қатысушы елдердің ынтымақтастық бағдарламасының іске асырылу қорытындыларын қарастырды.