НҰР-СУЛТАН, 08 қараша. Сәрсенбіге қараған түні жергілікті уақыт бойынша сағат 3.20-да Ауғанстаннан жағынан тәжік-өзбек шекарасына содырлар шабуыл жасады. Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, бетперде киген 20 қарулы адам Өзбекстанмен шекарадағы «Ишкабод» шекара заставасына төрт көлікпен келіп шабуыл жасады. Содырлар бес Калашников автоматын тартып алып, шекара күзетшісі мен заставада кезекшілік еткен бір милиция қызметкерін өлтірді. Осы жағдайға байланысты генерал-майор Хусаин Беркалиев пен саясаттанушы Аманжол Уразбаев Atameken business-ке берген сұхбатында Қазақстанға ықтимал қауіптер туралы айтты .