Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Цифрлық технологияларды террористік мақсатта қолданудың қаупі қандай

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Цифрлық технологияларды террористік мақсатта қолданудың қаупі жайлы «Astana Club» отырысында ресейлік ПИР орталығының төрағасы, генерал-лейтенант Евгений Бужинский пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Astana Club» саяси форумы аясында өткен брифингте тілшілер осындай сұрақты Евгений Бужинскийге қойып көрді.

«Егер киберқару туралы айтып отырған болсаңыздар, бұл әзірге беймәлім өріс. Сондықтан оған жақындаудың өзі қиын. Киберқарудың қауіпті күші ядролық қарудан асып кетуі мүмкіндейтін көптеген пікір бар. Бірақ бұл саланы қалай реттеу керектігін әлі ешкім білмейді. Өйткені ажырату өте қиын: террористер деген бұл мемлекет пе, мемлекеттік емес ұйымдардан тұратын топ па? Сондықтан, егер киберқару террористік мақсатта қолданылса, — ол, әрине, өте қорқынышты жағдай», — деді Евгений Бужинский журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол сондай-ақ «жасанды интеллект» сияқты цифрлық технологияға да тоқталды.

«Ол цифрлық қаруларға жақын. Зерттелмей жатыр. Сондықтан, бұл әлі игерілмеген кең дала секілді. Лаңкестік мақсатта пайдаланылса, оның зардабы ауыр болуы мүмкін», — деп толықтырды Евгений Бужинский.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда «Astana Club» саяси форумының бесінші отырысы өтіп жатыр. Отырыс барысында «Еуразия үшін 10 басты сын-қатер» тәуекелдер рейтингісінің екінші басылымының тұсауы кесілді. Форум жұмысына 40-қа тарта әлемдік беделді сарапшы мен саясаткер қатысуда.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *