Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Францияның Атлант мұхиты жағалауына 750 келі кокаин шығып қалған

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Осы айда Францияның Атлант мұхиты жағалауына 750 келіден астам кокаин жағаға шығып қалған, деп  BBC сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

Есірткілер батыс Нантада Ланды департаментінен оңтүстікке қарай Луара өзенінің сағасына дейінгі аралықта жағажайдан табылған. Бордоға жақын жердегі Жирондада бірнеше жағажай жабылды.

Табылған есірткі заттары шамамен 60 млн еуроны құрайды. Ренн прокуроры Филипп Аструктың айтуынша, табылған 763 келі кокаин «Оңтүстік Америкадан келген және оның құны әлдеқайда қымбат».

«Кез келген табылған есірткіге қол тигізбей, бұл туралы полицияға немесе жандармдарға хабарлау керек», — деп мәлімдеді прокуратурада.

Францияда кокаин секілді есірткілерді тасымалдағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *