АЛМАТЫ, 14 қараша. Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің террорға қарсы бөлімінің арнайы ұйымдастыруымен Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.
«Бүгін Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында терроризимге қарсы оқу-жаттығу жұмыстары өтуде. Шұғыл жұмылдыруға тиісті командалар дер кезінде жиналып, қауіпті жағдайдың алдын алуға дайын екендіктерін көрсетті. Ұзынағаш тұрғындарының түсіністікпен қарауын сұраймыз», — делінген ведомство хабарламасында.