НҰР-СҰЛТАН, 01 желтоқсан. Ауғанстанда «Талибан» ұйымын басқарған командирлердің бірі Мавлави Нуриддин оққа ұшты. Бұл туралы Ауғанстан ұлттық армиясы 209-ротасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, Мингаджик уезінде болған қарулы қақтығыс кезінде командирден бөлек тағы бес содыр қаза тапқан. Сондай-ақ «Талибанның» тағы жеті мүшесі жараланған. Адам шығынына ұшыраған талибтер шайқас алаңын тастап, кері шегінуге мәжбүр болды