НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. Күрдістанның Демократиялық партиясының басшысы Масуд Барзани «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) әлі де қауіп төндіріп тұрғанын хабарлады. Бұл туралы Kurdistsn.ru сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Бұл мәлімдеме пешмерга позициясына жасалған тағы бір террорлық шабуылдан кейін жасалды. Шабуыл салдарынан үш әскери қызметкер қаза тауып, екеуі түрлі жарақат алды.
Барзанидің айтуынша, бұл шабуыл ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) содырларының соғысқа қабілеттілігі сақтап, өз қатарларын қайта жаңғыртатындығын білдіреді.
Бұған дейін хабарлағандай , 2017 жылдың желтоқсанында Ирак билігі «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) содырларын толық жеңгенін жариялаған, бірақ лаңкестер тек қарулы қарсылық түрін өзгертіп, жасырын әрекетке көшті.