НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. Австралияның Мельбурн қаласында есірткі контрабандасымен айналысқан 3 адамға қатысты сот ісі басталды, деп 24.kz хабарлайды.
Анықталғандай, айыпталушылардың екеуі кеден қызметінің мамандары. Олар Бангкоктан Мельбурнға 2 тоннаға жуық метамфетамин мен 37 келі героин тасымалдамақ болғаны үшін айыпталып жатыр.
Полицияның мәлімдеуінше, аса ірі көлемдегі есірткінің құны 800 миллионнан астам долларға бағаланады екен. Енді олар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.