НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан.Мәскеу мен Челябинскіде террористік әрекет жасады деген күдікпен Орталық Азия елдерінің 9 азаматын ұстауға қатысты тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды КирТАГ Қырғызстан СІМ-не сілтеме жасап.
Ресейдегі Қырғыз Республикасының Елшілігі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне тұтқындалғандар арасында Қырғызстан азаматтары бар-жоғы туралы ақпарат алуға жәрдемдесу туралы ресми сауал жіберді.
Қазіргі уақытта Ресей тарапынан жауап күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсанда Мәскеу мен Челябинскіде «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) ұйымының екі басшысы мен жеті мүшесі ұсталды .
Олардың Ресей азаматтары және Орталық Азия мемлекеттерінің тумалары екендігі анықталды.