НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан. Түркияның құқық қорғау органдары Коджаэли провинциясындағы арнайы операция кезінде шамамен 36 кг героин тәркіледі, деп Anadolu Ajansi сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Арнайы қызмет өкілдері күдікті көлікті тоқтатты, оның ішінен заңсыз есірткі заттары табылған. Көлік жүргізушісі есірткі тасымалдады деген айыппен қамауға алынды.
Еске сала кетейік, Түркияның құқық қорғау органдарының есірткінің таралуымен белсенді күресі нәтижесінде 2018 жылы 18 мың 500 келі героин тәркіленген болатын. Мемлекет тарихындағы рекордтық көрсеткіш болды.