НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. Ирактың Күрдістандағы күрдтік пешмерга ИМ содырларына (ҚР тыйым салынған ұйым) қарсы арнайы операцияны бастады, деп Kurdistan.ru сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Журналистердің айтуынша, соғыс әрекеттері Грмиян аймағында күрдтер қауіпсіздік күштерінің позицияларына жасалған террорлық шабуылға жауап ретінде басталды.
Естеріңізге сала кетейік, Ирак билігінің ИМ (ҚР тыйым салынған ұйым) содырларын толық жеңгені туралы мәлімдемелеріне қарамастан, террористер елдің қарулы күштеріне, сонымен қатар бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауды жалғастыруда.