НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқын еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!
Бұл Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш халық ретінде жариялаған — Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.
Біз әр отбасына мықты денсаулық, береке мен тұрақтылық тілейміз. Біздің ортақ үйімізде әрқашан бейбітшілік, келісім мен өзара түсіністік орнасын!