НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан. Дамаскіде ер адам көлігінің жарылысы салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости Сирияның мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап.
«Көлік жүргізушісі террористер орнатқан жарылғыш құрылғыны жарылуы нәтижесінде қайтыс болды», — деп хабарлайды телеарна.
Оқиға астананың оңтүстігінде айналма жолдың маңындағы Нахр- Аиша аймағында болды, деп хабарлады телеарна.
Шабуыл үшін жауапкершілікті бір де бір террористік топ мойнына алған жоқ.