НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан. Австралия полициясы Кипрден келген жүктің ішінен ірі көлемде химиялық есірткі тапты, деп 24.kz хабарлайды.
654 келі жүк барбекю жасауға арналған пештердің түбіне жасырылыпты. Қылмыстық топ мүшелерін қолға түсіруге Кипрдің есірткімен күрес бөлімшесі көмектескен. Олар австралиялық әріптестеріне Лимассолдан Сиднейге бағыт алған кемеде ірі көлемде есірткі жасырылуы мүмкін екенін хабарлаған. Осыдан кейін Австралия полциясы портқа келген заңсыз жүкті күтіп алып, оған қатысы бар 2 адамды қамауға алды. Қазір тергеу жүріп жатыр.