АЛМАТЫ, 27 желтоқсан. Бүгін 27 желтоқсанда «Бэк эйр» әуекомпаниясының Fokker-100 жолаушылар ұшағының апатынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы қайғырып, көңіл айтады.
Сондай-ақ, генерал-майор, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері, «Генералдар кеңесі» Төралқасының төрағасы Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың туыстарына қайғырып көңіл айтамыз . Рүстем Есімханұлы ел басшылығына ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты нығайтуға, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарының беделін арттыруға көмектесу үшін белсенді жұмыс жүргізді.
Апаттан зардап шеккен барлық қазақстандықтардың тез сауығып кетуіне тілектеспіз.