НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. Сомали астанасы Могадишода жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды 24.kz.
Сомали астанасы Могадишода жойқын жарылыс болды, салдарынан 73 адам қаза тапты. Олардың арасында Түркияның 4 азаматы бар. Жергілікті полиция мәліметіне сай, бақылау-өткізу пункті маңындағы автотұрақта тұрған көлікке мина қойылған.
Әзірге оқиғаға жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Өз кезегінде ел билігі жарылысқа «Аш-Шабаб» радикалды тобының қатысы барына сенімді. Аталған топ Сомалиде орналасқан және «Аль-Каида» ұйымымен тығыз байланыста.