Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жаңа заң: Жасөспірімдерге есірткі сатқандар өмір бойына сотталады

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан.ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов есірткі қылмысы үшін жауапкершілікті күшейту шараларын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы қол қойған Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша ҚР Заңы арқылы есірткіні насихаттап, заңсыз жарнамалағаны үшін (Қылмыстық кодекстің 299-1-баптары) 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді.

«Есірткі затын сатудың жаңа тәсілдерін тауып, үйлер мен жатақханалардың қабырғасына ашықтан-ашық хабарлама іліп кететін наркодилерлердің әрекеті қоғамды алаңдатып отыр. Енді бұл әрекет заңмен жазаланады және ауыр қылмыс болып саналады», — деді Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, заңсыз айналым үшін жауапкершілікті көздейтін баптарда (ҚК 297-б.) және есірткі пайдалануға көндіргені үшін (ҚК 299-б.) «Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану» және «Қоғамдық орындарда» деген жаңа саралау белгілері енгізілді.

«Бұдан былай интернет арқылы, түнгі клубта, дәмханада, парктегі есірткі айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, ал кәмелетке толмаған адамға осындай тәсілмен есірткі сатқандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады», — деді М. Ахметжанов.

қ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *