НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан. Метадон және марихуана Қазақстанда бақылауға жататын наркотикалық заттар тізіміне енді. Ел үкіметі 2019 жылдың 25 желтоқсандағы қаулысына сәйкес заңға толықтырулар енгізіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv .
Сондай-ақ, медицина саласында пайдаланатын ерекше бақылаудағы наркотикалық және психотроптық заттар тізіміне «Метадон, Метазоцин да» еніп отыр. Қаулы ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде күшіне енеді.