НҰР-СҰЛТАН, 03 қаңтар. Бүгін Ламу жағалық аймағында автобуста болған бейбіт тұрғындарға жасалған қарулы шабуыл нәтижесінде кемінде 3 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды. Шабуылды «Аш-Шабаб» экстремистік тобының содырлары жасады деп күдіктенеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.
Ламу округінің полиция бастығы Перминус Киоидың айтуынша, Момбаса-Ламу бағытымен келе жатқан автобусты Виту қаласының маңындағы Ньонгоро аймағында содырлар басып алған.
«Біз үш адамның қаза тапқанын және бірнеше адамның жарақат алғанын растай аламыз. Біз оқиға орнына полицейлерді жібердік, құтқару жұмыстары жақында басталуы керек», — деді П. Киои телефон арқылы Синхуа тілшісіне.
Оның айтуынша, қала маңындағы «Момбаса Раха» автобусты шабуылдаушылар өртеген.
П. Киоидың айтуынша, Сомалиден болған содырлар тағы бір қала маңындағы «Симба Коуч» автобусының жүргізушісін атқан, бірақ жүргізуші көлікті әрі қарай жүргізе алған.