ЕКІБАСТҰЗ, 06 қаңтар. Павлодар облысы Екібастұз қаласында деструктивті діни ағымдар жақтаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп kazislam.kz хабарлайды.
2019 жылғы 10 желтоқсанда деструктивті діни ағымның үш жақтаушысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 490-бабының 1-бөліміне сәйкес Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен діни материалдарды әлеуметтік желілерде таратқаны үшін 35 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл адамдар өз кінәсін толық мойындап, жасаған істеріне өкінді.