НҰР-СҰЛТАН, 07 қаңтар. Кенияның шығысындағы Гарисса округінде содырлардың шабуылынан кем дегенде төрт адам қаза тапты, — деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Daily Nation басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, « Аш-Шабаб» радикалды исламшыл тобының содырлары Дадааб қаласында полиция бекетіне шабуыл жасаған, төрт бейбіт тұрғын шабуылдың құрбаны болды.
Шабуылдаушылардың екеуі жойылды деп хабарлануда.