Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Джонсон мен фон дер Ляйен Таяу Шығыста коалиция жұмысы жалғасу керектігін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 09 қаңтар. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мен Еуропалық комиссияның (ЕК) жаңа басшысы Урсула фон дер Ляйен Таяу Шығыста коалициялық күштердің террористермен күресін жалғастыруды маңызды деп атады. Бұл туралы сәрсенбіде Ұлыбритания үкімет басшысының кеңсесі Лондонда өткен фон дер Ляйенмен келіссөзінен кейін таратқан мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды  ТАСС.

 «Олар Ирактағы жағдайды талқылады, [АҚШ бастаған халықаралық антитеррорлық] коалиция күштерінің «ДАИШ-тан» (ҚР тыйым салынған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының  арабша атауы) келетін қатерге қарсы тұру үшін маңызды жұмыстарды жалғастыруы маңызды екендігімен келіскен», — делінген хабарламада.

Иран төңірегіндегі жағдай 3 қаңтарда Бағдат әуежайының маңында АҚШ соққысынан Ислам революциясы сақшылар корпусының  «Әл-Кудс»  арнайы күштерінің қолбасшысы Касем  Сүлеймани қаза тапқан соң күрт шиеленісіп кетті. Бұған жауап ретінде 8 қаңтарға қараған түні Тегеран Ирактағы АҚШ әскери күштері пайдаланған Айн-эль-Асад базасы мен Эрбил әуежайына бағытталған ракеталық шабуыл жасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *