Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Интернет арқылы есірткіні таратушыларға қылмыстық жауапкершілік белгілейтін бап енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Есірткі сататын интернет сайттардың жарнамасы бар граффити суреті салғандар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 11 қаңтарынан бастап есірткіні насихаттайтын және сататын интернет сайттардың сілтемесін таратуға байланысты қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енеді.

«Қылмыстық кодекске есірткіні насихаттау немесе жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейтін жаңа 299-1-бап енгізілді. Ол бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Егер осы қылмыс топпен, бірнеше рет, білім ұйымдарында немесе адам көп жиналатын орында, бұқаралық ақпарат құралын немесе электрондық ақпарат ресурсын пайдаланып, қызметтік жағдайын пайдаланып жасалса 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді», делінген хабарламада.

Бұдан басқа бірқатар қылмыстық баптарға «электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы» деген жаңа саралау белгісі енгізілді.

«Бұл шаралар есірткіні таратудың жаңа әдістері бойынша жазалау үшін қажет. Бұл дегеніміз интернет технологияны – сайттарды және әлеуметтік желі Instagram, Telegram, Facebook, сондай-ақ электронды төлем жүйелерін (QIWI, «Яндекс деньги» және т.б.) пайдалану», — деп түсіндірді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Нұртай Әбілмәжінов.

Аталған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған. Электронды ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы есірткі өткізу 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. Электронды ресурстар арқылы есірткі қолдануға көндіру 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі. Олардың көмегімен есірткі өндірісінде пайдаланылатын заттардың айналымы үшін 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *