НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар. Бүгін Санкт-Петербургтің төтенше жағдайлар қызметеріне қаладағы 280-ден астам нысан миналанды деген хабарламалар келіп түсті, барлығы да жалған болып шықты. Бұл туралы ТАСС жазады.
Күні бойы аудандық соттар, бірнеше сауда орталықтары эвакуацияланды. Кеше де қалада осындай жағдай болды, 250-ге жуық нысандар: соттар, қонақ үйлер, сауда орталықтары, дүкендер, Эрмитаж және басқа ғимараттар миналау туралы хабарламалардан кейін тексерілді .
Санкт-Петербургте миналау туралы белгісіз хабарлар толқыны бір айдан астам уақыт бұрын басталды, бірақ ешқандай хабарлама расталмады.