НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар. Ресей мен Швейцария барлау қызметтерінің басшылары Сергей Нарышкин мен Жан-Филипп Годен терроризммен күрестегі ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайды талқылады, деп хабарлайды РИА Новости Сыртқы барлау қызметінің баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Ивановқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, кездесу 16 қаңтарда Швейцарияда өтті.
«Барлау басшылары халықаралық терроризм мен екі елдің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерге қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдай туралы пікір алмасу болды », — деді Иванов.