Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Петропавлда героин сатумен айналысқан әйел ұсталды

ПЕТРОПАВЛ, 28 қаңтар. Петропавлда героин өткізу нүктесіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қзақстан облысының полицейлері аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін бұрын сотты болған жергілікті әйелді ұстады.

«Ол оқшауланған өмір салтын ұстанып, есірткіні алдын ала келісу арқылы белгілі адамдарға өткізіп отырған. Ұстау барысында күдікті әйел жасырынып кетпек болды. Үйіне тінту жүргізу барысында 300 граммға жуық героин табылып алынды» делінген хабарламада.

Ұсталған әйел тергеу изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша мүлкін тәркілеп, он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Аса ірі мөлшерде алынған героин 3,5 млн теңгеге бағаланып отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *