НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар. Симферополь-Мәскеу «ЭС 7» рейсіндегі жолаушы әйел ұшақ әуежайға қонған соң жарылғыш зат барын мәлімдеп, борттағы жолды бөгеп тастаған.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.
Осыдан кейін әуе кемесі арнайы алаңға орналастырылды. Әзірге күдікті ешқандай талап жариялай қоймаған. Оқиға орнында қауіпсіздік органдары жұмыс істеп жатыр.