НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар. Бейсенбі күні ауған қарулы күштері солтүстіктегі Кундуз провинциясындағы Дашт-э-Арчи аймағында «Талибан» баспанасына шабуыл жасағаннан кейін, кемінде сегіз содыр, оның ішінде үш қолбасшы жойылды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жұма еүні елдің қарулы күштері таратқан мәлімдемеге сілтеме жасап хабарлады .
Барлау ақпаратының негізінде әрекет ете отырып, әскери ұшақтар баспана бойынша соққы жасады, нәтижесінде сегіз содыр, оның ішінде үш командир жойылды.
Сәрсенбі күні Дешт-э-Арчи аймағында бірнеше бақылау бекетіне шабуыл жасап, қауіпсіздік күштерінің 13 қызметкерін өлтірген «Талибан» қозғалысы бұл ақпаратқа әлі түсінік берген жоқ.