НҰР-СҰЛТАН, 07 ақпан. Біле тұра террорлық акт жайлы жалған ақпарат беру – адам өміріне қауіпті шығын алып келетін қылмыс, деп хабарлайды Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап baq.kz хабарлайды.
Бұндай ақпаратты беру тәсілі әр түрлі болуы мүмкін (телефон арқылы жазбаша немесе ауызша формада беру). Қылмысты жасаудың себеп-салдары да әр түрлі болуы мүмкін: кәсіпорын немесе мекеменің жұмысын тоқтату, мектеп сабақтарын болдырмау.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес біле тұра дайындалып жатқан террорлық акт жайлы жалған ақпарат бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту қаралған. Біле тұра дайындалып жатқан террорлық акт жайлы жалған ақпарат беру – мекеменің қалыпты жұмысын тоқтатып қана қоймай, төтенше жағдайларда ғана көмек көрсетуге жасақталған құқық қорғау қызметтері мен органдарының күшін алаңдатады және көлік қозғалысы мен сауда орталықтары жұмысының немесе өндірістің тоқтауына байланысты экономикалық нұқсан да келтіреді. Осыған байланысты жалған ақпар таратушы айыпты адамға мемлекеттік органдардың шеккен зияндарын өтеу туралы соттың шешімі шығарылады, – делінген хабарламада.Өткен жылы мұндай жағдай Түркістан облысында орын алған екен.