НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан. Қырғызстан ішкі істер министрлігі үлкен көлемде наша мен метамфетамин тәркіленгенін хабарлады, деп сentralasian.org жазады.
Министрліктің хабарлауынша, Есірткінің заңсыз айналымымен күрес қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті есірткі тасымалдайтын халықаралық топты әшкереледі.
274 келі наша мен 3,5 келі метамфетамин заңсыз айналымнан шығарылды. Есірткі тасымалын ұйымдастырғандар ұсталды. Сотқа дейінгі өндіріс жүріп жатыр.
Бұған қоса құқық қорғау органдары Жалал-Абад облысында есірткі затын дайындаумен айналысқан қылмыстық топты әшкерелеген.
Токтогул ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде есірткі дайындауға арналған құрылғы табылып, сол жерден 87 келі наша және 17 келі марихуана тәркіленді. Бір күдікті қолға түсті, тергеу жүріп жатыр.