НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан. 7 ақпан күні Сириядан 26 ресейлік бала оралды, деп kazislam.kz хабарлайды.
Балалар Сирияның солтүстік-шығысындағы «Аль-Холь» босқындар лагерінен әкелінді. Қайтарылған топта Кавказ республикаларының, Еділдің, Орталық Ресейдің және Свердлов облысының балалары болды.
Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Анна Кузнецованың айтуынша, тағы 73 кішкентай ресейлік Сириядан үйіне орала алады. Қарулы қақтығыс аймағындағы балаларды Ресейге қайтару жұмыстары Владимир Путиннің тапсырмасымен 2017 жылдан бастап жалғасуда.