НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан. Кеше Ауғанстанның қауіпсіздік күштері әскери ұшақтардың көмегімен «Талибандардың» түрмесіне шабуыл жасап, 15 бейбіт тұрғынды алып қалды. Бұл туралы бүгін Ауғанстан армиясының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі .
Мәлімдемеге сәйкес, түрме Давлат Шах аймағында орналасқан. Қарулы содырлар заңсыз ұстап әкеткен 15 бейбіт тұрғынның бәрі босатылып, отбасыларына қайтарылған.
Мәлімдемеде бұл әскери операциялар кезінде қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындардың ешқайсысы зардап шекпегені де айтылған.
«Талибан» тобы (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) бұл оқиға туралы әлі түсінік берген жоқ.