Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚР мен РФ өкілдері діни экстремизмді талқылайды

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан. 26 ақпанда Орынборда «Діни экстремизмнің шекарааралық қауіптері: Ресей көзқарасы» сараптамалық алаңының отырысы өтеді, деп kazislam.kz хабарлайды. 

Отырысты ТМД елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетін «Еуразия халықтарының достастығы» ұйымы өткізеді.

Ресей мен Қазақстанның діни басшылары, ғылыми және сараптамалық қауымдастығы арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізетіні атап өтілді. Отырысқа Ресейдін (Орынбор, Мәскеу, Қазан, Уфа, Владикавказ, Саранск) және Қазақстанның (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Орал) ғалымдары, сарапшылары және дін қайраткерлері қатысады.

Олар қазіргі кездегі діни экстремизмнің шекарааралық қауіптерін талдап, профилактикалық жұмыстағы тәжірибелерімен бөліседі. Іс-шара 26 ақпанда сағат 10: 00-де облыс Үкіметінің салтанат залында өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *