НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан. Ресей астанасында ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің құқық қорғау және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері жөніндегі сарапшыларының жұмыс тобының отырысы өтті. Бұл шарада қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің полиция подполковнигі Әнуар Ерғазин және Ресейдегі Елшіліктің кеңесшісі Ілияс Карсаков қатысты.Бұл туралы ҚР Қазан қаласындағы Бас консулдығының ресми сайты хабарлайды.
Кездесу барысында Ергазин есірткінің заңсыз айналымына қарсы тұру үшін күш-жігерді шоғырландыруды жалғастыру қажет екенін атап өтті.
“Біз есірткіге қарсы кадрларды даярлау, өзара құқықтық көмек және халықаралық бақыланатын жеткізілім жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды жалғастыру туралы шешімді қолдаймыз”, – деді ол.
Сондай-ақ, тараптар өткен жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде есірткі және прекурсорлармен күрес бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратпен алмасты. Сарапшылар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін ортақ есірткі саудасындағы қазіргі қауіп-қатерлерге талдау жасады.
Отырыс нәтижесінде ШЫҰ мемлекет басшыларының Ресей ұсынған есірткі қауіпіне қарсы тұру туралы Бірлескен мәлімдемесінің жобасы атап өтілді, содан кейін қатысушылар жұмыс тобының отырысын өткізуге барлық қолайлы жағдай жасағаны үшін Ресей тарапына өз ризашылықтарын білдірді.