НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан. Нигерияның солтүстігіндегі Кацина штатының ауылдарына жасалған шабуыл салдарынан кем дегенде 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Punch газетіне сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, содырлар жұма күні кешке Кацина штатындағы екі ауылға шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан кем дегенде 30 адам қайтыс болды, құрбан болғандардың көпшілігі қарт адамдар мен балалар.
Қазіргі уақытта шабуылдардан зардап шеккен ауылдарды қауіпсіздік күштері мен полиция қызметкерлерінің күзетуінде.
Нигерияда сондай-ақ «Ислам мемлекетінің Батыс Африкандық провинциясы» (ИМ, ҚР-да тыйым салынған ұйым) атымен белгілі «Боко Харам» радикалды ислам тобы әрекет етеді. Оның содырлары білім берудің Батыс моделіне қарсы шығып, бүкіл ел бойынша шариғатты енгізуге қол жеткізбек.