НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Өз кезегінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Конвенцияны іске асыру ШЫҰ елдері аумағына экстремистік ұйымдардың кіруіне жол бермеу үшін шекаралық ынтымақтастықты, халықаралық аймақтық ұйымдармен өзара іс-қимыл және экстремистік идеологияға қарсы насихат жұмыстарын күшейтетіндігін атап өтеді.