НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. Тәжікстан Президенті жанындағы Есірткіні бақылау агенттігі есірткіге тәуелді азаматтар санының төмендегені туралы хабарлайды, деп жазады Синьхуа агенттігі.
Егер 2008 жылы республикада 8 мың 645 есірткіге тәуелді адам тіркелген болса, 2020 жылдың 1 қаңтарына бұл көрсеткіш 5 мың 375 адамды құрады.
Сондай-ақ, 2018 жылы Тәжікстанда айналымнан синтетикалық есірткілердің ең көлемді тәркілеу кезені болды — 15 мың 880 дана психотроптық таблетка. 2019 жылы 7 мың 555 дана синтетикалық психотроптық таблетка тәркіленді.