Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Пәкістанның солтүстік-батысында полиция бес содырдың көзін жойды

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан. Сенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласында атыс кезінде полиция бес содырды өлтірді, деп жазады Синьхуа агенттігі .

Терроризмге қарсы басқармасы баспасөз хатшысының айтуынша, полиция қызметкерлері  елдің солтүстік-батысында Хайбер-Пахтунхва провинциясының әкімшілік орталығында іздеу жұмыстарын бастады.

Өкілдің айтуынша, атыс полиция қызметкерлері операция кезінде болжалды содырлардың панасына кіруге тырысқаннан кейін басталған , нәтижесінде бес содырдың бәрі өлтірілген, бірақ полиция тарапынан  зардап шеккендер туралы хабар болған жоқ.

Кейінірек полиция қару-жарақ пен жарылғыш заттарды, соның ішінде өзін-өзі өлтіруге арналған кеудешелер мен гранаталарды тәркіледі.

Полиция қаза болған содырлардың жеке басын және олармен байланысты топтың атын әлі жариялаған  жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *