НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Сейсенбі күні кешке Сирия астанасында бомба қойылған автокөлік жарылысы болды, салдарынан бейбіт тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі САНА мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Дамаск полиция басқармасы жеңіл автокөлік қала орталығындағы туннельде жарылды, деп хабарлайды. Жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Полиция мәлімдеуінше, террористер автокөлікке бомбаны алдын ала салған.
Бұл Дамаскіде осы күні болған екінші жарылыс. Бұған дейін сейсенбі күні бомба қойылған автокөлік Тишрин стадионының жанында жарылған, бір адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алған.
Әзірге ешкім болған оқиға үшін жауапкершілікті өзіне алған жоқ.