Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Оралда сауда орталығына «бомба» қойған ер адам ұсталды

ОРАЛ, 26 ақпан. Оралда ер адам «City Center» сауда ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны жөнінде жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 102 телефонына кеше  шамамен сағат 16.45-те қоңырау шалынған.

Жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласының 1989 жылғы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша ол «бомба» қойылғанын хабарлаған кезде мас күйінде болған.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 273-бабына (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша 5 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол көлемде түзету жұмыстарына тарту, сондай-ақ 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *