НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Сомалидің ұлттық армиясы оңтүстік-батыс штаттары күштерінің қолдауымен сейсенбі күні елдің оңтүстігіндегі Бай аймағындағы Динсор қаласында операция кезінде «Аш-Шабаб» тобының жеті содырын жойды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап.
Динсор әкімшілігінің басшысы Абди Салам Сидоу журналистерге бірлескен операция әскерилер бұл аймақта содырлардың болуы туралы барлау мәліметтерін алғаннан кейін жүргізілгенін айтты .
«Біздің күштер қатал қарсылық көрсеткен содырларға шабуыл жасады, бірақ біз оларды жеңдік», — деді А.С. Сидоу.
«Қазір біз қаладамыз, содырлар қашып кетті. Операция кезінде біз жеті содырды жойдық », — деді ол.