НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан. Венесуэла президенті Николас Мадуро бейсенбі күні Колумбия мен АҚШ қолдайтын қылмыскерлерден Боливариан Республикасын қорғау үшін лаңкестікке қарсы ұлттық корпус құру туралы жариялады. Тиісті мәлімдемені ол Каракаста сөз сөйлеу кезінде жасады, деп хабарлайды ТАСС.
«Елдің қорғанысын қамтамасыз ету үшін және Колумбия мен Құрама Штаттардан жіберілген барлық лаңкестік топтарды анықтау үшін лаңкестікке қарсы Ұлттық арнайы корпус құру», — деп мәлімдеді Мадуро, оның сөзі мемлекеттік теледидар арқылы көрсетілді.
Венесуэла басшысы корпус басшысы генерал-майор Хиль Барриос болатынын айтты.
Венесуэладағы жағдай 2019 жылы 23 қаңтарда өзін президент міндетін атқарушы деп жариялаған оппозиция басшысы Хуан Гуайдоны Жоғарғы Сот парламент спикері қызметіне тағайындалуын жойғаннан кейін шиеленіскен. Оны мемлекеттің уақытша басшысы деп АҚШ мойындады,оларға Лима тобының елдері (Мексикадан басқа), американдық мемлекеттер ұйымы және ЕО елдерінің көпшілігі қосылды. Венесуэла президенті Николас Мадуро орын алған оқиғаны төңкеріс әрекеті деп атап, АҚШ-пен дипломатиялық қарым-қатынастардың үзілуі туралы мәлімдеді. Оған Ресей, Белоруссия, Иран, Қытай, Куба, Никарагуа, Сирия және Түркия қолдау көрсетті.