НҰР-СҰЛТАН, 01 наурыз. Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан Итури провинциясындағы ауылға жасалған шабуыл салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапты, деп Синьхуа жаңалықтар агенттігі хабарлайды.
Өткен жұмада шабуылдаушылардың қолынан тағы 12 адам ауыр жарақат алды. Бұл туралы провинция әкімшілігіндегі қауіпсіздік күштеріне жақын дереккөз хабарлады.
Куәгерлер әскери киім киген шабуылдаушылар ауыл көшелерінде кездескендердің барлығына оқ жаудырғанын айтады. Сонымен қатар, «Конгоны дамыту жөніндегі ынтымақтастық» /CODECO/ тобының мүшелері тұрғындарға тиесілі кейбір тауарларды тартып алды.