НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз. Тәжікстан мен Катар арасындағы терроризммен күрестегі ынтымақтастықты дамыту мәселелері бір күн бұрын Катар мемлекетінің астанасы Дохада талқыланды, деп хабарлайды ТаджикТА .
«Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин Катар Сыртқы істер министрінің терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы өкілі Мутлак әл-Кахтанимен кездесті», — деп хабарлады Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.
Тараптар аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.